Таулы Қарабақтағы бейбітшілік келісімге қарамастан оқ атысу болды. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі қақтығыстан 4 әскердің қазақ тапқанын мәлімдеді. Армения тарабы да 6 әскерінің жарақат алғанын мәлімдеп, Бакуды шабуылға өтті деп айыптады.
Таулы Қарабақтағы тыныштықты сақтауға мәндетті Ресей күштері де Гадрут жерінде оқ атысу болғанын растады. Әзірбайжан жауынгерлері армян күштерінің арандатушылық әрекеттеріне жауап қайтаруға мәжбүр болғаны туралы айтқан.
Өткен сенбіде ЕЫҚҰ-ның Минск тобындағы АҚШ пен Франция өкілдері Бакуге сапармен барған, олардың ел президенті Илхам Әлиев қарсы алған. Кездесуде Әлиев Таулы Қарабақта жағдайдың біршама тұрақтанып қалғанын, бірақ соңғы оқиға алаңдаушылық тудырғанын айтқан.
Әзірбайжан ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Армян күштері арандату әрекеттері арқылы өңірдегі тұрақтанып келе жатқан бейбітшілікті бұзғысы келеді. Олар бұл арқылы Әзірбайжанды жаулаушы етіп көрсетуге тынысатынын айтқан.