Беларусь Сыртқы істер министрлігі елдегі Украина елшісіне наразылық нотасын берді. Нота жолдаудың басты себебі – Укрианада үнемі ұйымдастырылып отырған антибеларус митингтері.
Беларусь СІМ хабарламасында: «26 қарашада Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Украина елшісі Игорь Кизим шақырылды. Украина дипломатына СІМ нотасы берілді. Бұл арқылы біздің тарап Украинада Беларуске қарсы жалғасып жатқан бірқатар акцияларға байланысты наразылық білдіреді», – делінген.
Ресми ведомство Минск 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының нормаларына сәйкес Беларусь дипломатиялық миссиясының қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуді талап ететінінмәлімдеді. Сонымен қатар хабарламада: «Украина елшісіне Киевтің құзыретті органдары арандатушылықтың алдын алмай, елде антибеларус шерулерінің әлі де жалғасып жатқандығын ескерттік», – делінген.
9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өтіп, нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы ширек ғасыр билік еткен Александр Лукашенконың жеңісін жариялады. Оппозиция президент сайлауының ресми қорытындысын мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс ушыға түсті. Азаматтық белсенділер сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайды. Лукашенконың отставкасын талап еткен наразылық шаралары елдің түрлі қалаларында жалғасып жатыр.
Беларус халқын қолдау мақсатында Украинада бірқатар шерулер өткен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді