Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны және бас бапкері Диего Марадонаның қазасына байланысты Аргентинада аза тұту күні жарияланды.
Марадона 25 қарашада Буэнос-Айрестегі Нордельт ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшы өлімінің себебі – инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Қарашаның басында Марадонаның миына қан кетіп, ауруханаға жатқызылған еді.
Аргентина президенті Альберто Фернандес футбол жұлдызы Диего Марадонаның қайтыс болуына байланысты үш күнге аза тұту күнін жариялады. Осыған байланысты елде ойын-сауық шаралары тоқтатылады, тулар төмен түсіріледі. Телеэфирде спортшының өмірі, мансабы және оның жеңістері туралы бағдарламалар көрсетіледі.
Аргентина футбол тарихындағы атақты футболшы Диего Марадона 1960 жылы 30 қазанда Буэнос-Айресте дүниеге келген. Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан (1982, 1986, 1990, 1994).
1986 жылы Әлем чемпионы және 1990 жылы вице-чемпион атанды. 1979 және 1980 жылдары Оңтүстік Американың Жыл Футболшысы атaғын алды. Марадонаның сүйікті «Бока Хуниорс» клубы да осы жылдары чемпион болды. Кейін «Наполи» клубында екі дүркін Италия чемпиондығын алып берді. Кейін бапкерлікпен айналысты.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді