Грекияда екінші рет локдаун жарияланды. Өткен аптада Еуропаның бірқатар мемлекеттері жаппай оқшаулау режиміне көшкен.
Оған елдегі коронавирус жұқтыру деректерінің күрт көбеюі себеп. Жаңа шектеу енді 30 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жоғарғы сынып оқушылары үшін мектептер жабылады. Дүкендер мен дәмханалар, жаттығу залдары да қызметін тоқтатады. Мейрамханалар тек тапсырыс бойынша жұмыс істейді.
Сонымен қатар тұрғындардың өңіраралық сапарға шығуына тыйым салынады. Ал ел аумағына кіргісі келетін туристер алдымен теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын ұсынуы қажет. Шетелге шыққысы келетіндерге де талап дәл осындай.
Грекияда осымен төртінші күн қатарынан 2 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркеліп келеді. Қазір бұл елде инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 52 мыңнан асады. Ал қайтыс болғандар 715-ке жетті.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел