Facebook корпорациясы Иран үкіметтік ұйымдарын насихаттау мақсатында құрылған аккаунттарды өшірді.
Корпорацияның баспасөз хабарламасында: «Facebook-тегі 12 аккаунт пен алты парақшаны және инстаграмдағы 11 аккаунтты жойдық. Себебі аккаунттар Иран Үкіметтін насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар АҚШ пен Израильге қарсы жалған мәліметтер таратқан», – делінген.
Facebook киберқауіпсіздік бөлімінің басшысы Натаниэль Глейхердің айтуынша, компанияға «қауіпті» аккаунттарды АҚШ Федералды тергеу бюросы ұсынған. Нәтижесінде, өткен аптада Facebook басшылығы Америкадағы сайлауға байланысты жалған ақпарат таратып, қауіп-қатер төндіретін аккаунттардың бар екенін мәлімдеген. Мұның салдарынан болатын хакерлік шабуылдардың қаупі жоғары.
Құрама Штаттарындағы президент сайлауы алдында жалған ақпарат тарататын аккаунттар мен хакерлік шабуылдар саны артқан. Дәл бүгін белгісіз топ АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының веб-сайтын бұзып, біраз уақыттан кейін оны қалпына келтіріп үлгерген.
Сайлауалды штабтың веб-сайтына хакерлер: «Әлем президент Дональд Трамптың күн сайынғы жалған ақпараттарынан жалықты. Әлемге шындықты айтатын уақыт келді. Трамп мен оның отбасына қатысты бірнеше құрылғы бұзылды», – леп жазылған.
Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, хакерлер «құпия ақпаратқа» қол жеткізе алған. Оның ішінде Уашингтон әкімшілігінің «коронавирустың пайда болуына» қатысуы, Ақ үй басшысының басқа мемлекеттермен сайлау нәтижелерін өзгерту туралы келісім жасағаны жайлы мәліметтер бар делінген. Сонымен қатар криптовалютаның электрондық әмияндарының мекен-жайы көрсетілген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді