Беларусьтің 22 аймағында өткен жалпыхалықтық митингте 350 белсендінің ұсталғаны анықталды. Бұл туралы Беларусь Ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, билік саясатына қарсы өткен кезекті митингте бетперде киген полиция көз жасаурататын газ,түтін құтылар қолданып, наразылыққа шыққандарды жаппай ұстаған.
Бұл күнді Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап еткен шерушілер сайлауға оппозиция атынан түскен Светлана Тихановскаяның «халықтық инаугурациясы» деп атады. Олар 9 тамыздағы президент сайлауында Лукашенко емес, Тихановская жеңді деп санайды.
Еуропалық одақ құрамындағы мемлекеттер мен Америка Александр Лукашенкодан қайтадан әділ сайлау өткізуді талап еткен. Ресей мен Молдова бұл мәселеде Беларусьтің ішкі саясатына араласпайтынын мәлімдеп, басқа мемлекеттердің бұл қадамын айыптады.
Сонымен қатар Франция президенті Эммануэль Макрон да Лукашенконың отставкасын талап еткен. Оған Лукашенко «Макрон алдымен Францияның ішкі жағдайын реттеп алсын!», деп жауап қатты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел