Чехияда эпидахуал бұрынғымен салыстырғанда күрт нашарлаған. Енді Үкіметтің ғылым және зерттеулер жөніндегі өкілі Роман Примула елдің Денсаулық сақтау министрлігін басқарады. Бұл туралы Республиканың премьер-министрі Андрей Бабиш хабарлады.
Роман Примула – Чехияның жетекші эпидемиологы, коронавирустық пандемияның жаңа кезеңінде ол Чехия Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және инфекциялардың таралуына қарсы ұлттық штабтың басшысы болды. Сонымен қатар ол елде қатаң шектеулер енгізген басшы ретінде белгілі. 14 қыркүйекте ол пандемияның екінші толқынының басталғанын мәлімдеді.
Чехияда 1 қыркүйектен бастап коронавирустық инфекция жедел қарқынмен таралуда. 17 қыркүйекте жұқтырғандар саны өсуінің тәуліктік көрсеткіші алғаш рет 3 мыңнан асып, 3 129 адамға жетті.
Бұл – елде пандемия басталғалы тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш. Осыдан бірер күн бұрын 2 мыңнан аса адамнан вирус анықталған еді. Жалпы 44 мыңнан аса адам вирусқа шалдықты. 10,5 миллиондай халқы бар Чехияда Еуропаның өзге елдерімен салыстырғанда эпидемиологиялық ахуалы күрделі болып тұр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы