Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Қытайға жіберген COVID-19 індетінің шығу себебін зерттеу тобы мерзімінен бұрын жұмысын аяқтады.
3 тамызда ДДҰ сарапшылары бастапқы мәліметтерін жария етті, алайда зерттеу қорытындысы егжей-тегжейлі жарияланбады. Сондықтан да, індеттің Ухан теңіз өнімдері базарынан тарағаны туралы мәлімет әлі толық тұрақтанбаған. Соған сай, алда көптеген елдердің ғалымдары Уханда эпидемиологиялық зерттеулер жүргізетін болады.
3 тамыз күні ДДҰ Қытайдағы COVID-19 вирусының пайда болуын зерттеу тобы өз миссиясын аяқтады деп мәлімдеді. Аталған миисияға қатысқан көптеген елдердің сарапшылары мен ғалымдары коронавирустың алғаш рет Уханда пайда болғанын растау үшін эпидемиологиялық зерттеулер жүргізеді.
ДДҰ жетекшісі Гебрейюс видео конференцияда былай деді: «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Қытайға жіберген ғалымдары коронавирусты бастапқы зерттеуін аяқтады, келесіде одан да көп зерттеулер қажет. Алдағы уақытта Уханда вирустың пайда болуын зерттеу үшін вирусолог ғалымдар жұмыс алып барады».
Жақында ДДҰ Қытаймен халықаралық бірлескен зерттеулердің келесі қадамдарын талқылады. Сонымен бірге, ДДҰ Қытайға барған сарапшылардың әлі де Женеваға оралып, жасаған жұмыстары туралы мәлімет беруін күтуде.
1 тамызда ДДҰ пандемия әлем халқының денсаулығына төндірген төтенше жағдай ретінде тарихта қалатынын атады. Бұл ДДҰ жариялаған денсаулыққа қауіп төндіретін алтыншы реткі төтенше жағдай. Ұйымның арнайы комитеті үш ай сайын осы пондемияның күшін жою немесе күрес стратегиясын жаңарту үшін жиналып келеді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді