Қытай алдағы 72 сағат ішінде Хьюстон қаласындағы бас консулдығын жабуы тиіс. АҚШ билігі осындай талап қойды. Бұл туралы Associated Press агенттігі АҚШ президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Сонымен қатар АҚШ-тың Ухандағы консулдығын жабу туралы шешім қабылданды. AP-тегі дереккөзінің хабарлауынша, Ақ үйдің бұл қадамы «Қытай үкіметін жазалау» шараларының бір сипаты. Негізінен Ухандағы АҚШ консулдығы коронавирустың таралуына байланысты осы жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатқан.
Бұған дейін Қытай Уашингтонның Хьюстондағы ҚХР Бас консулдығын жабу туралы шешіміне қарымта жауап береміз деген. Кейіннен Қытай СІМ өкілі Ван Вэнбин Уашингтон өз талабынан бас тартпаса, қажетті шаралар қабылдайтынын айтқан.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Морган Ортагус Хьюстондағы Қытай дипломатиялық орталығын жабу туралы шешім «америкалық зияткерлік меншік пен америкалықтардың жеке деректерін қорғау үшін» қабылданғанын айтты. Себебі осыған дейін Қытай хакерлерінің Америкадағы құпия деректерді ұрламақ болғаны шетелдік басылымдарда жазылды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді