Блумберг бірқатар ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Ресейдің элита өкілдері коронавирусқа қарсы вакцинаны сәуір айында алып болған деп мәлімдеді. Вирусқа қарсы вакцина алған жүздеген адамның арасында ресейлік миллиардерлер, ірі компаниялардың менеджерлері және ақ жағалы атқамінерлері бар.
Блумбергтың мәліметіне қарағанда, Ресейдегі саясат пен бизнестегі элитасы Николай Гамалея атындағы Ұлттық зерттеу орталығының эксперименталды вакцинасынан алдын-ала емдеуден өткен. Блумберг бұл мәліметтерде ірі компаниялардың топ-менеджерлеріне, миллиардерлерге және жақын байланыстағы ақпарат көздеріне сілтеме берген.
Егер Блумберг мәліметтерне сенер болсақ, ресейлік элита мамырдағы індеттің өршуінен бұрын вирусқа қарсы сынақ вакциналарын алып үлгірген. Ресейдің covid-19 вирусына қарсы вакцина шығаруға ұмтылып жатқан елдердің бірі екенін де ескеру керек.
Аталған ақпарат көзі хабарлағандай, ресейлік элита өкілдері сынақ вакцинасын заңды және арнайы бағдарламамен қабылдаған. Қатысушылардың қандай жолменен таңдалғаны анық емес. Себебі, онда элита өкілдері, бай-шонжарлар жүздеп саналады.
Бірақ емдеуге қатысқандардың бірі Блумбергке вакцинаның нәтижесіз болғанын айтса, енді бірі емдеуден кейін өзін жайсыз сезінгенінін жеткізген. Ал, Николай Гамалея атындағы ғылыми орталықтың директоры элитаның вакцина сынағына қатысқаны туралы мәліметті терістеп: "Бізде бұл туралы ешқандай мәлімет жоқ", – деген.