Бүгін Мәскеудің әскери сотында 2015 жылдың 27-ші ақпанында Мәскеуде оппозициялық саясаткер Борис Немцовты атып өлтірді деген айыппен қамалған Шадид Губашевтың не үшін саясаткерді өлтіргендігі белгілі болды – хабарлайды РИА Новости.
Шадид Губашевтың тергеу барысында қылмысты мойындағандығын, Немцовты Мұхаммед пайғамбарға, мұсылмандарға тіл тигізгенді үшін өлтіргендігі жайындағы құжаттарды прокурор Мария Семененко жария етті. Бірақ сот барысында Шадид Губашев прокурормен келіспейтінін айтып, «маған қалай айтты, солай жасадым» - деп. Тергеу барысында өзіне қысым жасалғанына меңзеген.
Ал бұдан сәл ертеректе яғни 28 наурыз күні Борис Немцовтың өліміне қатысы бар тағы бір айыпталушы Шадид Губашевтың ағасы Анзордың, Тергеу изоляторы ішінде үйлену тойын жасағалы жатқандығы белгілі болған болатын.
Естеріңізге салайық Борис Немцовты өлтірді деген айыппен Заур Дадаев, Тамірлан Эскерханов, Хамзат Бахаев, Анзор Губашев және Шадид Губашевтар қамалған болатын.
“The Qazaq Times”

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр