Қытай билігінің коронавирустың өршуіне жол бергені дәлелденсе, жауап беретін болады. Ақ үйде өткен брифингте АҚШ президенті Дональд Трамп осылай деді.
«Біз тергеу жүргізіп жатырмыз. Егер олар (қытайлар) мұны әдейі жасаған болса, жауап беруі тиіс. Бұл істің салдары ауыр болады. Біз сауда келісімін жасадық. Қытай фермерлерімізден 250 миллиард долларға өнім сатып алды. Вирус тарамай тұрғанда екі елдің қарым-қатынасы жақсы болатын», — деді Трамп.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытай үкіметінен Уханьдағы зертханаға шетелдік мамандарды жіберуді сұраған. Себебі вирус сол зертханадан таралуы мүмкін деген болжамдар бар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?