Илон Маск кезекті мәрте ғарышқа жер шарын толықтай интернетпен қамтамасыз етуге қауқарлы спутниктерін ұшырмақ.
Былтыр АҚШ президенті Дональд Трамп ғарыш әскерін құру туралы директивке қол қойған болатын. Әскери орталық әуе күштерінің құрамына қосылып, Қарулы Күштердің алтыншы бөлімшесі ретінде құрылды. Сол жылы ақпанда SpaceX компаниясы АҚШ, Израиль, Индонезия құралдарымен жабдықталған Falcon 9 зымыранын ұшырған.
«Starlink» — әлемді тегін ғаламтормен қамтамасыз етуге бағытталған миссия. Миссия өз жұмысын 2018 жылдың 22 ақпанында бастаған. Дәл осы уақытта «Falcon-9» ғарышқа сынақ ретінде екі жер серігін алып шыққан. Жалпы, бағдарлама аясында ғарышқа 12 мың спутник ұшырылады деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 10 миллиард доллар шамасында.
Бұған дейін «SpaceX» компаниясы «Falcon 9» зымыран тасымалдағыш кемесінің ұшу уақытын ауа райына байланысты бірнеше мәрте кейінге қалдырған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді