Экс-президент кеңсесіне бюджеттен 7 миллиард теңге бөлінгені хабарланды.
ҚазТАГ қазақ телеграф агенттігінің мәліметінше, «2020-2022 ж.ж. арналған бюджет туралы» заңына сәйкес, Кітапхананы ұстап тұруға 2020 жылға 2 млрд 269 млн 403 мың теңге, 2021 жылға 2 млрд 269 млн 403 мың теңге, 2022 жылға 2 млрд 284 млн 506 мың теңге бөлінетін көрінеді. Алдағы үш жылға жоспарланған қаржының жалпы көлемі 6 млрд 823 млн 312 мың теңге шығады.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 19 наурыз күтпеген жерден өкілеттігін тоқтатқан. Дегенмен ол әлі күнге дейін Қауіпсіздік кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Конституциялық кеңес мүшесі қызметінен кеткен жоқ.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес