«Олимп» букмекерлік кеңсесі өз жұмысын тоқтатты.
Компания сайтында «2020 жылғы 22 қаңтардан бастап OLIMP.KZ қазақстандық лицензиясының тоқтауына байланысты ставкалар қабылдай алмайды. Осындай шешім қабылданғаны өте өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсесі алдағы уақытта да осында бірге болғымыз келеді», – делінген хабарламада.

Сайт хабарламасы. Фото: olimp.kz скриншот қиынды
Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік органдары мен прокуратура бірігіп, Қазақстан аумағынан қаржыны заңсыз алып шығу каналының жолын кескен болатын. Сондай-ақ ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырды деген айыппен «Олимп» букмекерлік кеңесесіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «Only bet» ЖШС мен «Alpha bet» ЖШС-нің «Олимп» сауда маркасымен лицензиясын алты ай мерзімге тоқтатты. «Олимп» букмекерлік кеңсесін тексерген салықшылар мемлекет пайдасына 145 млрд теңге салық төлеуді міндеттеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді