Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі Уханнан шыққан қауіпті жаңа вирустың басқа провинцияларға тарай бастағанын мәлімдеді. Қытай орталық қаласы Бейжіңде жаңа вирус жұқтырған екі адам анықталды және Гуаңдұң (Гуандун) пен Шынжында (Шэньчжэнь) жерінде де байқалды. Ал, жұқпалы дерттің ошағы болған Уханда қауіпті вирус жұқтырғандар саны екі жүзге жетіп, үш адам қаза тапты.
Желтоқсан айында Қытайдың Ухан жерінде қауіпті жаңа вирус тарап, екі адам көз жұмғаны белгілі. Сингапур мен Гонконг Қытайдың Ухан қаласынан келген жолаушыларды тексеруден өткізіп жатты. Ал, өткен жұма күні бұндай шаралар АҚШ-тың үш үлкен әуежайында басталды. Бірақ, аталған вирусті жұқтырғандар Қытайдың басқа провинцияларында да пайда болып, жұқпалы дерттің масштабы кеңейіп кетті. Тіпті, Тайланд пен Жапониядан да табылды.
Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша Қытайда аталған вируспен жұғымдалған адамдар саны ресми деректерден әлде қайда көп болуы мүмкін. Бұдан екі күн бұрынғы мәліметте, Қытай билігі вирустің 60 түрін анықтағаны айтылған еді. Бірақ, Лондондағы зерттеуде 1700-ге дейін жеткен.
Мамандардың айтуынша, анық есебін көрсету қиын болғанымен, аурудың таралу масштабын анықтауға болады. Ол үшін вирус пайда болған қаланың халық саны және жолаушылар саны есепке алынады. Уханда шамамен 18 миллион адам жасайды, ал оның халықаралық әуежайынан шетелдерге саяхаттау немесе іскерлік мақсатта әр күні 3,4 мың шамасындағы адам шығып отырады.
Қытай билігі қазірше вирустың адамнан адамға жұғуы тіркелген жоқ деп сендіруге тырысуда. Бірақ, бұл көпшілік аудиторияның күмәнін күшейтіп тұр. Анығында, вирустың қандай жолмен тарап жатқаны да толық анық болмаған. Егер ауа арқылы тарайтын вирустар болса, онда халық саны тығыз Қытай үшін бұның зардабы ауыр. Тіпті, бұл әлем елдері үшін де қауіпті.