Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн мәлімдеме жасап, Солтүстік Корея келіссөздер тек өз талаптары орындалғанда ғана басталады деп сендіргенімен, Оңтүстік Корея және АҚШ үшін әлі де диалог есігінің ашық екенін айтты.

Оңтүстік Корея президентінің мәлімдеуінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Уынның туған күніне орай хат жолдаған. Ал, Солтүстік Корея басшысы хатты тапсырып алысымен жауап хатын жолдаған. Бұл екі ел басшыларының диалогты сақтап қалу үшін жасаған оң қадамдары деп бағалайды президент Мүн Жайн.

Трамп кезінде АҚШ пен Солтүстік Корея арасында диалог жанданғаны белгілі. Екі елдің басшылары үш рет кездесіп келіссөз өткізді. Бірақ, соңғы Ханой саммитінде ядролық қарусыздану мәселесінде келісе алмады және келіссөз тоқтап қалды.

Дегенмен, Оңтүстік Корея АҚШ пен Солтүстік Корея арасында дәнекерлік рөл атқарып келеді. Оңтүстік Корея лидері АҚШ пен Солтүстік Корея арасында келіссөзге әлі де мол мүмкіндіктердің бар екенін, бұған екі ел лидерінің жеке қарым-қатынасы, өз ара сенімі ықпал етіп тұрғанын айтады.

“The Qazaq Times”