«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақсанның үш облысында дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді.

«7 желтоқсанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қостанай қаласында 7 желтоқсан оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде бұрқасын күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - дейді.

Ал Петропавлда  ертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 % деп хабарланды.
Сондай-ақ Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күшеюі кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100% дейді синоптиктер.

"The Qazaq Times"