Беларусь Республикасының басшысы, «Еуропаның соңғы диктаторы» атанған Александр Лукашенко алтыншы рет президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.
Минскіде 2020 жылы болатын президенттік додаға қатысу туралы сұрақтарға жауап берген Лукашенко: «Мен саусақтарым көгергенше бұл креслоны ұстап отырмаймын. Сұрамасаңыздар, мен кандидатурамды ешқашан алмаймын. Мен өзімді ұсынамын», – деді ол.
Сонымен қатар, ол белорустарға осы лауазымға өз кандидатурасын ұсыну дұрыс деп санайтынын және тек халық оған қарсы шыға алатынын айтты. Беларусияда кезекті президенттік сайлау 2020 жылғы жазда өткізіледі.
Александр Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері үздіксіз басқарып келеді. Қазіргі бесінші президенттік мерзімі 2020 жылы аяқталады. Бұған дейінгі 2001, 2006, 2010 және 2015 жылдардағы президент сайлауларының барлығында 75 пайыздан жоғары дауыс алған. Халық арасында Лукашенконың «Еуропаның соңғы диктаторы» деген атағы бар. Жалпы, ТМД аумағында Кеңестер одағы құлағалы бері билік басында ұзақ мерзімде отырған екі адам бар болатын. Оның бірі Қазақстанның бұрынғыпрезиденті Нұрсұлтан Назарбаев болса, екіншісі Александр Лукашенко.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні