Тайуан (Тайвань) президенті Цай Иыңвын билік партиясының өкілдерімен бас қосуда Тайуан егемендігі мен бостандығы туралы өткір пікірлерін ортаға салды. Ол егемендік пен демократияның «аспаннан түспейтінін» және толық егемендік болмаса Тайуан мақсат еткен толық либералды демократияның болмайтынын айтты.
Президент Цай мәлімдемесінде Бейжің билігі Тайуанның егемендіктен бас тартуын қалайтынын да айтып өтті. Ол және көптеген адамдар демократия мен еркіндік үшін Тайуанға келіп, сол елде қалуға дайын екенін атап өткен. «Тайуанның басты құндылығы – егемендік пен демократиялық бостандық. Сондай-ақ, демократия мен бостандығын сақтап қалу үшін көмектесуге лайықты ел екенін әлемге әйгілеу», – деген Цай ханым.
Тайуан президентінің демократия мен бостандық үшін Тайуанда қалғысы келетін адамдар дегені аралды елге инвестиция салып, сол елде қалуға өтініш еткен Гонконг азаматтарын меңзейді. Елдің Экономика министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, жылдық алғашқы 9 айында Гонконгтан Тайуанға инвестиция салу жобалары 867-ге жеткен. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 33 пайызға көп.
Гонконгтағы жағдайға байланысты Тайуандағы салыстырмалы еркіндік пен егемендік болмысын пана тұтушылар саны көбейгені белгілі. Алдағы жылы 11 қаңтарда Тайуанда президент және билік партиясын сайлау өткізіледі. Тайуан президенті кезекті мәлімдемесі де осыған байланысты өткір тақырыптарға бағытталып отыр.