Гонконгтың әлемге танымал жұлдызы Джеки Чанның Вьетнам сапары күшті наразылыққа тап болды. Вьетнамдық әлеуметтік желіде Джеки Чанның елдеріне сапарлай келуіне байкот жариялаған. Әлемге аты машқұр кино жұлдызының сапарына қарсылық оның кейбір саяси көзқарастарына байланысты екені мәлім болды. Джеки Чан Бейжің билігінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы жобаларына қолдау білдірген. Бұл вьетнамдықтардың наразылығын өршітті.
Джеки Чан АҚШ-тың Вирджиния штатында орналасқан Operation Smile коммерциялық емес ұйымының мүшесі. Ұйымның мақсаты әлемнің шалғай және кедей аудандарындағы балаларға медициналық жәрдем беру. Джеки Чан осы ұйымның құрылғанына 30 жыл толуына орай Вьетнамда өтетін шараға қатысу үшін 10 қарашада Вьетнам сапарын жоспарлаған.
Өткен аптада Джеки Чан Қытайдың Оңтүстік қытай теңізіндегі «Тоғыз сегменттік жол» жобасын қолдайтынын білдіріп, мәлімдеме жасаған болатын. Бұл жоба 2009 жылдан бері Оңтүстік қытай теңізіне шектесетін елдермен Қытай арасындағы дауды өршітіп келе жатқаны белгілі. Джеки Чанның саяси көзқарасы аталған теңіз маңындағы бірқатар елдерде азаматтардың күшті наразылығына тап болды.
Күшті наразылықтардан кейін Operation Smile ұйымы жобадағы Джеки Чанның суретін алып тастауға және оны сапарға қатыстырмауға мәжбүр болды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді