Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен кәсіби бокс бәсекесінде Қанат Ислаv кезекті жеңісіне жетіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам намбиялық қарсыласы Уолтер Каутондокваны жеңді. Қазақстандықтар асыға күткен жекпе-жек 10 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен Қанат Ислам WBO халықаралық чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Төрешілер Асанов 97/92, Ешмағамбетов 97/92, Шалабаев 99/92 ұпай берді. Қанат Исламға чемпиондық белбеуді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі тапсырды. Аталған кештің андеркартында жартылай жеңіл салмақта өзбекстандық Бексұлтан Раушанов пен румыниялық Александр Ионита, бірінші жартылай орташа салмақта Дәулет Дәукенов пен молдовалық Иван Петров, супер ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов пен польшалық Михаил Банбула, бірінші жартылай орташа салмақта Асқар Ерубен пен украиналық Владислав Баранов жұдырықтасты.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр