Сенат депутаттары кәмелетке толмаған балаларды митингіге ертіп апарған ата-аналарға 100 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 645 доллар) көлемінде айыппұл салу немесе он күнге дейін қамауды ұсынды деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызыметі.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, депутаттар мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері туралы заң жобасына осындай түзету енгізуді ұсынған. Қазір Әкімшілік кодекстің 128-бабында балаларды әкімшілік заң бұзуға итермелегені үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған.
Заң жобасына қосымша түсініктемеде Қазақстанда рұқсат етілмеген митингілерге кейбір ата-аналардың балаларын ертіп апаратыны жазылған. Құжат авторларының пікірінше, бұл балалардың денсаулығына, психикалық дамуына кері әсер етеді.
Бұған дейін сенат депутаты Сәуле Айтпаева рұқсат етілмеген митингіге қатысу балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін айтқан. Бұл қоғамда қызу талқыланған даулы мәселелердің бірі. Кейбір мамандар "егер билік балаларға митингілерге баруға тыйым салса, онда Олимпиада, партия форумы сияқты ресми шараларда да балаларды тұрғызып қоюға тыйым салуы керек" деп санайды.
Қазақстанда наразылық кезінде полицияның балаларды ұстау оқиғалары кездесіп тұрады. 21 қыркүйекте Шымкент пен Нұр-Сұлтанда полиция кәмелетке толмаған балаларды ұстап, кейіннен босатқан. Наразылар "балаларды ата-анасынан айырған" полиция жұмысын сынаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті