Түркия әскері 9 қазан кешкісін Сирияның солтүстігінде әскери операция бастады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап мәлімдеді.
Ердоғанның сөзінше, бұл операцияның мақсаты – "Ислам мемлекеті" террорлық тобымен және күрдтермен күрес.
Анкара әскери операция арқылы Сирия мен Түркия шекарасының маңында қауіпсіз аймақ құрып, сириялық босқындарды осы жерге орналастыруды көздейді.
Күрд жасақтары мен араб жасақтары АҚШ басқаратын халықаралық коалиция мен БҰҰ-ны Сирияның солтүстік-шығысында ұшақ ұшпайтын аймақ құруға шақырды. Олардың айтуынша, Анкараның операциясы "гуманитарлық апатқа" әкеледі.
Сирия сыртқы істер министрлігі Түркияның "қауіпсіздік аймағын құру" идеясын "халықаралық құқықтарды бұзу" деп сынады.
Мәскеу бұл операцияға араласпайтынын, "ресейлік әскерилер Сирияда басқа мақсатта жүргендерін" мәлімдеді.
Демалыс күндері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстік-шығысына әскер кіргізетінін жариялаған.
Сириялық күрдтер – АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресте негізгі серіктесі. Ал Түркия күрд жасақтарын "террорлық топ" деп санайды.
6 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Ердоған телефонмен сөйлесіп, Анкараның әскери операциясын талқылаған. Кейін Трамп әкімшілігі бұл операцияға қатыспайтынын мәлімдеп, америкалық әскерилер Сирияның солтүстік-шығысын тастап кете бастаған.
Бірақ Трамп "егер Анкара артық кетсе, Түркияның экономикасын күл-талқанын шығаратынын" айтты.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті