АҚШ қауіпсіздік саласының қызметкерлері Нью-Йорк әуежайында Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, теле-радио жүргізушісі Инга Юмашевадан жауап алу мақсатында ұстады.
Ресейлік депутаттың ұсталуы жөнінде хабар тарағаннан кейін, Мәскеу тарабы Уашингтонға наразылық нотасын жолдаған. Америка мен Ресей қарым-қатынасында орын алып отырған жаңа дау-жанжал туралы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антоновтың мәлімдеуінше, Инга Юмашева «Форт – Росс диалогы» форумына қатысу үшін келген.
Осы жылдың 3 қазанында американдық тарап форумға қатысуға жиналған ресейлік сыртқы саясат ведомствосының бір топ қызметкерлеріне виза беруден бас тартқан болатын. Әзірше, ресми Уашингтон ресейлк депутаттың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті