20 күннен бері із-түссіз жоғалған Тайуан (Тайвань) азаматы Лидың Қытай қауіпсіздік қызметі жағынан тұтқындағаны белгілі болды. Қытай үкіметі Шынжын қаласына барған тайуандық азаматты ұлттық қауіпсіздікке зиян келтірді деген айыппен қолға алғанын мәлімдеді.
Тайуандық кәсіпкер Ли 20 тамызда Қытайдың оңтүстігіндегі Шынжын қаласына барғаннан кейін із-дерексіз жоғалып кеткен болатын. Содан 2 күн бұрын ол Гонконг қаласындағы наразылық шерулеріне куә болған және шекарада тұрған Қытай әскерлерін ұялы телефоны арқылы суретке түсіріп, әлеуметтік желіде достарына жолдаған.
Қытай билігі тайуандық Лидың әрекетін ұлттық қауіпсіздікке зиян салу қатарында бағалап отыр. Қазірге дейін белгілі болғандай, Қытай үкіметі елдің материктік аумағында Гонконгтағы ереуілдер туралы хабарларды барынша цензурада ұстауға тырысып келеді. Тіпті, Ішкі Қытайдың көптеген тұрғыны Гонконгтағы миллиондаған адамның ереуілге қатысып жатқаны туралы хабарсыз болуы да мүмкін.