Америкалық New York Times газетінің арнайы тілшісі Энн Барнард аталмыш баслымда Қазақстанға саяхаты мен алған әсері жайлы бөліскен еді.
Бернардтың пікірінше, Астананы "Солтүстіктің Дубайы" деп, сенімді түрде атауға болады. Мысалы, Дубайдағы жабық тау шаңғы кешеніне жауап ретінде - Астанадағы Хан Шатырдың жоғарғы жағындағы табиғи құм төселген жасанды жағажайды көрсеткен. Журналистің айтуынша, Астанада Азиядағы ең үлкен Әзірет Сұлтан мешіті, "Астана Опера" театры, Ұлттық музей және тағы басқа да көрнекті сәулет ескерткіштері мен ғимараттар көп. Аз уақыт ішінде осындай жетістікке жетіп үлгерген Астананы ең қарқынды дамып келе жатқан жас қалалардың қатарына кіргізуге болатындығын айтып, әсерімен бөліскен болатын.

Фото: islam-today
Энн Барнард

Фото: islam-today

Ал тілшінің Астанаға келудегі мақсаты - Ресей, Түркия және Иранның бастамасымен Сирия мәселесі жайлы келіссөздерге қатысып, ақпарат тарату еді.
«The Qazaq Times»















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы