Видео: centralasian.org

Ресей үкіметі Оңтүстік Осетия жікшіл ауданымен келісім жобасын бекітті. Ол бойынша осы елдің бірқатар әскери бөлімдері ресейлік қарулы күштердің құрамына кіреді. Құжатқа жақын күндері Ресей президенті Владимир Путин қол қояды деп жоспарланған.

Құжатқа сәйкес, бұл бөлімдерде Оңтүстік Осетияда тұрақты тұрып жатқан ресейлік төлқұжаты бар азаматтар қызмет етеді. Дегенмен олар әскери тіркеуге Солтүстік Осетия әскери комиссариаттарына барып тұрады.

Ресейдің қорғаныс министрлігі жікшіл аймақтардың әскери мамандарын өзінің жоғарғы оқу орындарында даярлайды.

Оңтүстік Осетия Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1992 жылы 29 мамырда Грузиядан тәуелсіздігін жариялады.

"The Qazaq Times"