Disney Research зертханасында Мэтью Хабалко, Мохсена Шахмохаммади және Алансона Семпла атты ғалымдар тобы сымсыз қуат көзін тасымалдайтын жүйені жасап шығарды. Квазистатистикалық резонанс қуысы (QSCR) деп аталатын бұл әдіс электр құрылғыларын бөлменің ішінде, ешқандай қуат көзіне қоспай-ақ қуаттауға мүмкіндік береді.
Тәжірибе барысында арнайы 5 х 5 шаршы метр бөлме салынып, оның ішіне электр құрылғылары, гаджеттер мен жарық шамдарын қуаттандыратын магнит толқындары жүргізілген. Бөлменің ішіндегі магнит толқындары арқылы барлық құрылғылар қуат көзіне қосылып тұрады.
Сымсыз электр қуатын тасымалдау ғалымдарды бірнеше жылдан бері ойландырып кел жатқан тақырыптардың бірі. Бұл әдіс бойынша алғашқы тәжірибе XIX ғасырдың 90-жылдары Никола Тесланың жарық шамдарын сымсыз жалғау мақсатында жасалған болатын.
QSCR әдісінің құпиясы - қабырғалар мен төбедегі металл жабындыларындағы тоқтан бірегей магнит өрісін тудыру. Нәтижесінде осы магнит өрісінің резонас толқынында жұмыс жасап тұрған қабылдағыш катушкаларға энергия тасымалданатын болады. Жүйедегі тоқтың индукциясы бөлінген конденсаторлардың көмегімен қауіпті электр өрісіннен оқшаулап отырады.
Ғалымдардың айтуынша, бөлменің ішіне магнит өрісін тудыру үшін арнайы металл қабырғаларадың қажеті болмайды.Тек тоқ өткізгіш бояулар мен бөлмеге орналастырылатын жабдықтың болуы жеткілікті.
«The Qazaq Times»