Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань елдімекенінің басшылығы пандаларға арналған бақша салу үшін 172,2 мың тұрғынды басқа аймаққа көшіруді жоспарлап отыр деп хабарлайды Синьхуа агенттігі, аймақтың орман шаруашылығы департаментіне сілтеме жасай отырып.

Сычуань, Ганьсу және Шэньси аймақтарымен шекараласатын 27,1 мың шаршы шақырым аймақты қамтитын ауданда жаңа бақшаның құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы шешім осы жылдың басында қабылданып, басшылық пен бекітіліп қойған.

Ал 20 мың шаршы шақырым, яғни аймақтың 74 пайызы Сычуань елдімекеніне тиесілі.

Жаңа аймақтың құрылысын бастау үшін жеті қала мен қалалық округтер, сонымен қоса 19 уез тұрғындарын толықтай көшіру қажет болып отыр.

Панда аюы қазіргі таңда сирек кездесетін, жойылып кетуі үлкен қауіпі бар жануарлардың тізіміне кіреді. ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген. Ал Қытайлық мамандар 2025 жылға дейін пандалардың санын 18 пайызға арттырып, 2,2 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

“The Qazaq Times”