Илон Маск компаниясының жақында ғарышқа аттандырған 60 жерсерігінің үшеуімен байланыс жоғалды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Жерге интернет таратуға арналған апараттарға не болғаны анықталған жоқ. SpaceX компаниясы бұл жерсеріктерін 24 мамырда ұшырған болатын. Осыдан кейін сарапшылар Илон Маск бірлестігінің бағдарламасынан ғарышта қоқыс көбейіп, астрономиялық бақылауды қиындататынын айтқан.
Алғаш рет 2016 жылы SpaceX компаниясы 2020-2025 жылдарға қарай Марсқа ұшу жоспарда бар екенін айтқан болатын. Ал 2107 жылдың қыркүйегінде Илон Маск SpaceX компаниясы Марсқа ұшатын арнайы зымыранның және де Жердің бір нүктесінен екіншісіне бір сағаттан да аз уақытта жететін зымыран дайындалып жатқандығын хабарлаған. Оның атауы - BFR. Масктың айтуынша, олар компанияның барлық жетістіктерін BFR зымыранын жасау үшін пайдалануда. Енді Маск алдағы жылдары космосқа 12 мың жерсерігін ұшыруды жоспарлап отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы