Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев түркіменнің Чарджоу қаласында Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің ескерткіш кешенінің ашылу салтанатына қатысады. Бұған қоса екі мемлекет басшылары өзбек-түркімен қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайды. Бұл туралы "Оталық Азия хабар қызметі" жазады.
Өзбекстан мен Түркіменстан арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылады.
Бұл - Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретінде шетелге алғашқы ресми сапары. Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов үшінші мерзімге сайланғалы бері бірінші мәрте шетел президентімен кездеседі.
Естеріңізге салайық, 14 ақпанда Өзбекстан мен Түркіменстан президенттері телефон арқылы сөйлесті.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?