Өзбекстан қаржы министрлігі экс-президент Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнара Кәрімованың мемлекетке 1,2 миллиард доллар аударғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Гүлнара Кәрімова қазіргі таңда экономикалық қылмыстары үшін Ташкент облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеуде. Бұл туралы министрлік Facebook парақшасында ресми мәлімдеме жасады.
"Өткен жылы да және биылғы жылдың бірінші жартысында да бюджетке Гүлнара Кәрімовадан жоғарыда көрсетілген сома түспеді", делінген хабарламада.
Гульнара Карімованың 1,2 миллиард долларды мемлекеттік шотқа аударылғаны туралы ақпарат 23 маусымда тараған болатын. Оның атынан Instagram-да Gulnarakarimovaupdates парақшасында (аккаунт қазіргі уақытта өшірілген) жазба пайды болды. Аталған жазбада Гүлнара Кәрімова өзін қолдаған адамдарға рахмет айтып, әрі кешірім сұраған. Сондай-ақ, оның айтуынша, ол құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта жұмыс істеп, оның активтерінің белгілі бір бөлігі, яғни 1,2 милииард доллар қаржы мемлекеттік бюджетке аударылған.
Айта кетейік, Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық іс 2015 жылы қозғалды. Дәл осы жылы Ташкент қалалық соты оны "аса ірі көлемде қаржы жымқыру", "бопсалау", "салықтан жалтару" айыптары бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған. 2017 жылы шілдеде Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың үстінен тағы бірнеше қылмыс бойынша іс қозғалғандығын мәлімдеді. Өзбекстан ресми органдарының мәлімдемесінен кейін оған тиесілі әлемнің 12 еліндегі банк шоттары мен жылжымайтын мүліктері бұғатталған. Кәрімоваға қарсы екі қылмыстық іс бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 2 млрд доллар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді