Еуропалық сот «Adidas»-қа қатысты шешім шығарып, аталған компания логотипін сауда белгісі деп танудан бас тартты.
Жаңа шешімге байланысты, «Adidas» белгісі Еуроодақтың заңнамасымен қорғалмайды. «Себебі, бұл белгінің ешқандай ерекше сипаты жоқ және оны өзге таңбадан ажырату мүмкін емес», делінген мәлімдемеде. Сондықтан неміс концерні оны өзгелердің қолдануына тыйым сала алмайтын болды.
Айта кетейік, «Adidas» компаниясының тарихы 1924 жылдан бастау алады. Германияда ағайынды Ади мен Рудольф Дасслер аяқ киім зауытын ашады. Бірақ 1948 жылы ортақ бизнес екіге бөлініп, оның бірі «Adidas», ал екіншісі «Puma» болып құрылымдалған еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді