Кеше Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы корольдігіндегі елшісі Берік Арын Сауд патшасы Салман бин Абдул Азиз ас-Саудпен кездесіп, сенім грамотасын тапсырды.
ҚР Сыртық істер министрлігінің ресми мәліметіне қарағанда, король Салманның әл-Салам сарайында өткен кездесуде Сауд патшасы Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдап, Қазақстан халқының толассыз даму, өркендеуіне тілейтінін жеткізген. Ол сондай-ақ, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасты жалғасты дамытуға мүдделі екенін де айтқан. Саул әулетінің тағындағы король Салман Берік Арынның дипломатиялық қызметіне табыс тілеген.
Қазақстан мен Сауд корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар 1994 жылы басталған болатын. бір жылдан кейін Рияд қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі жұмыс істей бастаған. Қазір екі ел арасындағы сауда көлемі 20 млрд АҚШ долларынан асады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы