Samsung Electronics Esentai Mall-да QLED 8K Cinema брендтелген кинотеатрдың таныстырылымын жасады.
Аталған жоба Samsung компаниясының "Кинопарк" кинотеатр желісімен бірлескен жобасы.
VIP-кинотеатрдың ашылу салтанатында Samsung компаниясы өкілдері журналистерге инновациялық QLED 8K желісінің ерекшеліктерін көрсетті.
8K дегеніміз экрандағы бейнені ап-анық қып көрсете алатын деңгейі. Сондай-ақ, жасанды интеллект экрандағы мазмұнның сапасын түпнұсқалық сападан 8K өлшеміне дейін жақсартып көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экрандағы көріністі бөлменің жарықтығына қарай бейімдейді.
Ашылу рәсіме қатысқан Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Хан Санг Ву бұл технологияның ерекшелігіне тоқталды.

Фото: news.samsung.com
"Көрермендер киноны улкен экранмен әрі анық дауыста көргенді қалайды. Осы мақсатпен кинотеатрға келеді. Ал QLED 8K экранындағы бейненің сапасы да, дыбысының сапасы да жоғары. Көрермендер оқиға ортасында жүргендей әсер алатын болады", - деді ол.

Фото: news.samsung.com
Сонымен бірге, Samsung өкілдері осы кинотеатрда компанияның болашақ флагмандық өнімдерінің тұсаукесерін өткізетіндерін айтты.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі