АҚШ қорғаныс күштері Венесуэланың теңіз айдындарына әскери кемелерін аттандыратынын мәлімдеді. Бұл АҚШ-тың Венесуэладағы дағдарысқа әскери араласуының нақты белгісі ретінде қаралуда.

Пентагонның баспасөз өкілі мәлімдемесінде, АҚШ теңіз флотының «Жайлылық» (Comfort) атты кемесі бірнеше күннен кейін Венесуэланың теңіз айдынына жіберілетінін жеткізген. Оның айтуынша аталған кеме стандартты орналастырулар жасау, венесуэлалық босқындарға көмек беру міндеттерін өтейді.

Құрама Штаттар билігі Венесуэладағы өзін уақыттық үкімет басшысы ретінде жариялаған оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоны қолдап келгені және президент Мадуроны биліктен кетуге шақырып жатқаны белгілі. Бұған дейін Құрама Штат тарабы Оңтүстік Америкадағы мұнай өндіруші ел саналатын Венесуэлаға дипломатиялық және экономикалық қысым түсіріп келді. Ал, соңғы кездері АҚШ жоғары лауазымдылары Венесуэлаға әскери күш қолдану  мүмкіндіктерін қарастыруда.

Гуайдо бастаған заң шығарушы Ұлттық кеңес сейсенбі күні Венесуэланың «Қырғи қабақ соғыс» тұсындағы аймақтық қауіпсіздік шартқа қайта қосылу мәселесін талқыға салды. Венесуэла көп жылдар бұрын бұл келісімнен бас тартқан болатын. Егер Венесуэланың Ұлттық кеңесі АҚШ бас болған аталған шартты қайта қабылдайтын болса, АҚШ-тың бұл елге әскери күш қолданып, Мадуроны елден қуып шығуына жол ашылады.

Қазір Венесуэла экономикалық ауыр дағдарыста тұр. Шектен тыс инфляция және тұтыну тауарларының тапшылығы ел халқын қиын жағдайға қалдырды.

Өткен аптада Гуайдо Мадуроны құлату үшін армияны өзіне қаратуға тырысып бақты. Алайда, бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Қазір, елдегі қарулы күш әлі де Мадуроны қолдап келеді.

“The Qazaq Times”