Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған еліне сапарлай келген НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. НАТО мүшелерінің кезекті мәжілісі Түркияда басталды.

Түркия президентінің баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеде Ердоған мен Столтнберг арасындағы кездесу бір сағаттан аса уақытқа жалғасқан. Алайда, журналистерге жабық күйде өткізілген.

НАТО мен Түрикя арасындағы байланыс соңғы жылдары тұрақсыз күйде. Әсіресе, ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алу ісінен кейін НАТО мен Түркия арасы тіпті суып кетті. Сүрия соғысы басталған тұста Анкара билігі НАТО-ның өзіне мүше елдердің қауіпсіздігіне бірдей қарамайды деп айыптаған еді. Дегенмен, Ұйымдағы одақтасы АҚШ-пен болған қарым қатынас шиеленіскен тұста НАТО бас хатшысы Түркияға белгілі дәрежеде қолдау да көрсеткен болатын.

“The Qazaq Times”