Пентагон АҚШ-тағы заңсыз мигранттармен тікелей байланыс орнату үшін, АҚШ-Мексика шекарасына қосымша 300 арнайы әскери қызметкер аттандырмақ. АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл қосымша әскери қызметкерлер заңсыз миграцияның алдын алуға үлкен септігі тиетінін айтқан.
Пентагон мәлімдемесінде, аталған қосымша әскери күш шекарада заңсыз көшіп-қонушыларға азық-түлік жеткізіп береді және медициналық жәрдем көрсетеді. Осы қатарлы бірқатар әкімшілік қызметтер көрсете отырып, заңсыз көшіп-қонушылармен тікелей байланыс орната алады. Сол арқылы, қоныс аударушылардың заңсыз шекара бұзуының алдын алып, бақылауға ала алады.
Қазірдің өзінде АҚШ пен Мексика шекарасында Ұлттық қауіпсіздік департаментіне қолдай көрсетуші шамамен 2900 шекара қызметкері мен 2 мыңнан астам ұлттық гвардия мүшелері тұр. Алайда, әскери органдарда құқық қорғау функциялары жоқ болғандықтан, олардың мигранттармен тікелей байланыс орнатуына тыйым салынған.
Бес бұрышты сарай (Пентагон немесе АҚШ Қорғаныс министрлігі) бұл шешімді Ішкі Қорғаныс Департаментінің талабына сай шығарғанын айтқан. Жоспар қыркүйектің соңында аяқталуы керек және жоба құны 7,4 млн долларға бағаланған.