Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар туып өскен елдімекендердегі көшелерге соғыс ардагерлерінің есімін беруді тапсырды.
Сондай-ақ, өзбек басшысының тікелей тапсырмасымен Жеңіс күнінің 74 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыстың әрбір қатысушысына 7,5 миллион сом (900$) қаржы бөлінген.
Сонымен бірге, жалғыз тұратын және аз қамтылған соғыс ардагерлерінің үйлеріне мемлекет қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушыларына Өзбекстанда орналасқан санаторийлер мен демалыс орындарына жолдама беріледі. Сондай-ақ, ардагерлердің әрқайсысына медициналық және әлеуметтік көмек беру мақсатында арнайы қызметкерлер тағайындалмақ.
Өзбек премьер-министрінің айтуынша, бүгінгі таңда республикада 878 соғыс ардагері тұрады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел