Бүгін көктемдегі елеулі күндердің бастауы – 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі. Көктемнің алғашқы күндерінде келетін осы бір атаулы мереке, әсіресе еліміздегі жұртшылыққа нағыз көктемнің көңіл-күйін сыйлайды. Тіршіліктің түлеуіне жақын бұл мезгілде барлық нәзік жандының шалқыған көңілі көктемнің хабаршысы секілді әр жүрекке жылу ұялатады.
Осы орайда «Қазақ Таймс» ұжымы атынан, Қазақстандағы және әлемдегі барлық әйелдер қауымын бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Асыл аналарымыздың, аяулы әпке-қарындастарымыздың өмірлерінің шуақты нұрға толуын, әр күнінің мерекедей мерейлі болуын тілейміз! Сонымен бірге, сайтымыздың оқырманы болған қазақтың қаракөздерін, асыл аруларын және ақ жүректі барша оқырманымен бірге ұжымда қызмет еткен қыздарымыздың да мерекесіне құтты болсын айтамыз!