Германия Канцлері Ангела Меркель Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығу тақырыбын қайта қарауды қолдамай отыр.
Оның сөзінше, Берлин Ұлыбританияның келісілмеген жағдайда Еуроодақ ұйымынан шығуына жол бермес үшін барлығын жасауға дайын. Себебі, мұндай даму болашақта белгісіздікке әкелуі мүмкін.
Жапония премьер министрі Шинзо Әбемен кездесу барысында Германия Канцлері: «Брюссель мен Лондон арасындағы жағдай, қазіргі күннің басты тақырыбы емес» деп өзінің пікірін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбритания 2016 жылдың маусым айында жаңа референдум қабылдап, Еуроодақ құрамынан толықтай шығатындығы туралы мәлімдеген болатын. Алайда, одақтың өзге елдері Британ билігінің тарапынан келген мұндай ұсынысты қабылдамай, ұзақ уақыт дауысқа салып келеді. Қазіргі таңда Британ премьер-министрі Тереза Мэй дәл осы жиында өзінің мақсатына түбегейлі жетуді көздеп отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы