Венесуэла мәселесі бойынша Қытай Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасады. Қытай СІМ өкілі Хуа Чүниың журналистерге берген жауабында: «Венесуэланың егемендігін, ұлттық тұтастығын және тұрақтылығын қолдаймыз», – деді.
«Қытай тарабы Венесуэла үкіметінің елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы әрекеттерін қолдайды. Венесуэлаға бағытталған қандай да бір сыртқы күштердің әрекеттеріне қарсы тұрады», – деді Хуа Чүниң ханым.
Осыдан бірер күн бұрын Венесуэла президенті Николас Мадуро әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, елде саяси төңкеріс қаупінің бар екенін айтқан. Бұған дейін Ұлттық Мәжіліс төрағасы болып келген Хуан Гуаидо өзін «Уақытша үкіметтің басшысы» деп жариялады. Ел президенті Мадуро ел азаматтарына үндеу тастап, революция жасамауға шақырған, әрі бұл іске байланысты Құрама Штаттарды айыптаған болатын. Николас «Твиттер» парақшасында: «Венесуэланың батыл азаматтарын шетелдік килігуге және содырлық әрекеттерге қарсы аттанысқа шақырамын», – деген болатын.
Елдегі жағдайға байланысты Ресей, Мексика, Қытай, Боливия елдері президент Николас Мадуроның билігін қолдайтынын білдірген.