Бішкектің Ала-Тоо алаңында қытайлық экспансияға қарсы митинг өтіп жатыр. Алғашында, ереуіл ұйымдастырушысы Аманбол Бабакулов бірнеше талап қойған болатын, алайда наразылық акциясы барысында халықтың талаптары көбейе түсті.
Атап айтқанда, халықты бақылауды жүзеге асыру, қытайлық азаматтар үшін визаның санын қысқарту, Қытайдан алынған несиелерді тексеру және қаншалықты тиімді екенін анықтау. Тиімсіз болған жағдайда арнайы комиссия құрып, ақшаның қайда кеткенін нақтылау.
Сондай -ақ, олар қырғыз қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуына тыйым салуды талап етті. Тұрмыс құрған жағдайда, ерлі-зайыптылар айыппұл төлеуі тиіс дегенді алға тартты. Сонымен бірге, паспорттағы "Ұлты" деген бағанды қайтаруды талап етті.
Енді жоғарыда айтылған талаптың барлығы жазылып, Жоғары кеңестің депутаттарына жіберілмек.
Айта кетейік, бұған дейін де, яғни, 7 - қаңтар күні Қырғызстан астанасының орталығында 200-ден астам адам наразылық шеруге шыққан еді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел