Израиль сыртқы істер министрлігінің ғимаратында жарылыс болды.

Қаңтардың 13-і күні Иерусалим қаласындағы Израиль СІМ ғимаратында жарылыс болып, бірнеше күзетші зардап шеккен. Жарылыс жертөледе орналасқан қоймада болған.

Болжам бойынша, қару-жарақ қоймасындағы көзді жасаурататын газдалған гранаталардың бірі жарылған. Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметкерлері оқиғаның себеп-салданын анықтауда.

"The Qazaq Times"