Қытай Sina.Net агенттігі Британияның «Хабар тарату корпорациясына» сілтеме жасай отырып хабарлайды – бүгін, 21 ақпан, Австралияда бес адамдық шағын ұшақ апатқа ұшыраған. Ұшақ Австралияның Мельбурн қаласындағы сауда орталығының маңына құлаған. (Видео Жаңа Зеландия SKY NEWS ).
Бұл ұшақ апаты Hawker Beechcraft ұшағының Ессендон (Essendon) әуежайына қонуға бағыт алған кезде туылған. Бақытқа жарай, сауда орталығының ашылмаған кезіне тура келіп, адам шығын аз болған. Полиция тараулары апатқа ұшыраған ұшақта бес адамның болғанын мәлімдеді. Оған қоса ұшақтың жанып жатқан бөлшектерінен өзге де жазатайым шырғалаңдардың алдын алу шаралары жасалып жатқанын айтады.
Жергілікті ақпарат құралдары ұшақтың жанып жатқандағы бейне көрінісін таратып үлгеріпті. Бейне көрініске қарағанда сауда орталығы мен маңындағы ғимараттар айтарлықтай зардап шеккен. Австралия ақпарат қызметінің (ABC) айтуынша, оқиға орнына 13 өрт сөндіру көліктері келген. Полиция тараулары шырғалаң себебін ұшақты меңгеруден кеткен қателік деп көрсетті.
“The Qazaq Times”















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес