Чехия үкіметі ресейлік елшілерді еліне қайтармақ. Бұл туралы «Росбалт» хабарлады.
Өткен екі жылда Чехия Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ресей тарапынан бірнеше рет хакерлік шабуыл жасалып, чех шенеуніктерінің жеке мәліметтері қолды болған. Сондай-ақ ел үкіметінің коммуникациялық жүйесіне қатысты ақпараттар да ұрланған. Бұған қатысты Чехия қауіпсіздік қызметі: «Ресей елшілері де құпия қызмет мамандары болуы мүмкін. Елшілерден бөлек, Чехиядағы олигарх, репортер, журналистердің кейбірі ресейлік шпиондар екені анықталды. Тағы бір айтарымыз, Ресей Чехияны НАТО және Еуропалық Одақ құрамындағы мемлекеттерге қарсы стратегиялық жоспарларды құратын гибридті аймаққа айналдырып алды», – деп мәлімдеді.
Прагадағы Ресей елшілігіндегі қызметкерлердің басым көпшілігі техникалық персоналдар. Чех үкіметі хакерлік шабуыл жасады деп Мәскеумен тікелей байланысы бар «Fancy Bear», «ATP28» топтарын айыптап отыр. Ресми Прага Мәскеу ЕО елдеріне қысым көрсету арқылы НАТО-ны әлсіреткісі келеді деп есептейді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр