Өзбекстан Республикасының Конституциясына 26 жыл толуына байланысты Халықаралық форум барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мемлекеттің саяси және заң тақырыптары туралы мәлімдеме жасады. Жиын барысында сот қызметкерлерінің әлі де болса әділетсіз жұмыс жасап отырғандығын алға тартып, өз пікірін білдірді.
«Әділдік қашан орнайды? Судьялар мен сот орындары қашан заңға бағынып, әділ әрі адал жұмыс істейді. Өкінішке орай, кейбір судьялар әліде болса дұрыс емес шешім шығарып, азаматтардың әділ сотқа деген сенімі жоғалып барады » деп құқық бұзушыларды жазалаушы орынға сыни пікірін жеткізді.
Сонымен қатар, Өзбекстан президенті судьяларды таңдау барысында әділдік пен демократияның қатаң сақталуын талап етті. Себебі, аталған орынға үміткер барлық кандидаттарды таңдау кезінде қоғамның пікірімен санасу керектігін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан біраз уақыт бұрын Өзбекстан соты үш жарым ай бұрын қаза болған адамға үкім шығарып жазалаған болатын. Алаяқтық жолмен ақша жымқырды деген азамат ауруғана төсегінен тіл тартпай кеткен. Дәл осындай жағдайдан кейін, Өзбекстан басшысы ісіне салғырт қарағандарды қатаң жазаға тартатындығын да жеткізді.