Қытайлық "Huawei" компаниясы басшысының қызы және қаржы директоры Мың Ванжоу Вашингтонның сұрауы бойынша Канада мемлекетінде тұтқындалды. Бұл туралы Канаданың Әділет министрлігі хабарлап отыр.
Мың Ванжоу Американың Иран еліне салған сауда санкциясын орындамаған үшін бірінші желтоқсан күні тұтқындалған. Аталған азаматшаның жұмысы туралы алғашқы сот отырысы 7 желтоқсанға белгіленді. Сонымен бірге, Қытай компаниясының қаржы директорын экстрадициялау туралы үкімді Нью-Йорктың Шығыс округының соты қарайтын болады.
Тағы бір айта кететін жайт, Қытай компаниясының қаржы директоры тұтқындалғаннан кейін, Азиялық қор биржалары мен АҚШ биржа қорлары бірден жағымсыз кейіп танытты.
Бесінші қараша күні АҚШ елі Тегеранға қарсы энергетика саласында, теңіз жолы, қаржы секторы бойынша екінші пакет санкциясын салған болатын. Аталған санкция бойынша Иранның Ұлттық мұнай компаниясының үстемдігін төмендетіп, Иран елінің Орталық банк және өзгеде банктерін шет елдердегі қаржы ұйымдарымен түрлі операциялар жасау мүмкіндігінен айырған. Бұдан бөлек, санкция Иран порттарын, теңіз тасмалын да қамтиды. Сегізінші мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранмен жасасқан ядролық қару туралы келісімінен шығатындығын мәлімдеген. Бұдан кейін, БҰҰ-ның Халықаралық соты бір жақты санкция 1955 жылы пайда болған достық, экономикалық және конусулдық келісімнің бұзылғандығын айтқан болатын.
Жақын күндері Иран елінің көшбасшысы Хасан Рухани Американың санкциялары жалғаса берсе, Ормуз бұғазын жауып тастайтындығын мәлімдеген. Қазіргі таңда қос тарап та бейбіт келісімге келуге асығар емес.