Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министрдің лауазымынан шеттетілуі туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Шкарупа бүгінге дейін жылы орынынан заңды түрде кетпеген.

«Бұл сұрақ төңірегінде Президент Әкімшілігінің канцеляриясында ұзақ уақт келіссөздер жүріп жатқандығы белгілі. Алайда, Шкарупа арыз жазған жоқ,  осыған байланысты мен өтініш хатты өткен аптада үкімет министрлігіне және Президент Әкімшілігіне жолдағанмын», - деді энергетика министрі.

Сол секілді, Шкарупаның қазіргі таңда ұсталғандығы туралы қойылған сұраққа Бозымбаев мақұлдаған жауап қатты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрін қаржы жымқырды деп айыптаған болатын.  Анатолий Шкарупа 2015 жылы Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының әкімі болған кезде орталық жылыту жүйесіне бөлінген 215 миллион теңгені қолды еткен. Бүгінге дейін Саран аймағында аталған жылыту жүйесі мүлде іске қосылмаған. Бұл туралы Қожамжаров Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеді.

2015-2017 жылдары Саран қаласының әкімі болған Шкарупа 2017 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал, 2018 жылдың қазан айында энергетика вице-министрі болып сайланды.

"The Qazaq Times"